Өмірімде оңтайлы өзгерістер орын алып жатыр, өзім үздіксіз дамып-өсіп жатырмын. Жүрегімдегі жалын от өшуді ойламақ түгілі одан әрі лапылдап жануда. Алла қаласа өзімнің қиялымдағы "мен" дерлік тұлғаға айналып, жақын арада өзге белестерді бағындыруға көшемін. Бәрі қазір өзім айтқандай оп-оңай, тез, қолжетімді болса ғой, шіркін ! Көп еңбек, төзімділік, сарқылмас қуат және шексіз мотивация ( уәждеме ) қажет. Еш нәрсе оңайлықпен келмейді дейсіз ғой, рас. Сондықтан, қазір өзімді-өзім жеңіп, таңертең ерте оянудан бастап, кеш батқанға дейін бос отырмауға қажырлы еңбек етіп жатырмын. Ең бастысы, үйдің маңызды шаруаларымен жүріп қап, өзіңнің рухани және мәдени жағынан баю үрдісін үзіп тастамау. Бұл жалғанда кім екеніңді, не үшін өмір сүріп жатқаныңды және діттеген мақсатың қандай екендігін ұмытпаған абзал, әйтпесе адасып кетуіне де бір қадам\шақ. Мораль ретінде жазып жатқан жоқпын, жай ғана ескерту\еске салуым. "Бәріне үлгеремін, бәрін де қатырамын, тек бүгін
the place where your worldvision will change for a moment.