К основному контенту

жаздың бір қоңыр салқын кешінде


 
Өмірімде оңтайлы өзгерістер орын алып жатыр, өзім үздіксіз дамып-өсіп жатырмын. Жүрегімдегі жалын от өшуді ойламақ түгілі одан әрі лапылдап жануда. Алла қаласа өзімнің қиялымдағы "мен" дерлік тұлғаға айналып, жақын арада өзге белестерді бағындыруға көшемін.

Бәрі қазір өзім айтқандай оп-оңай, тез, қолжетімді болса ғой, шіркін! Көп еңбек, төзімділік, сарқылмас қуат және шексіз мотивация(уәждеме) қажет. Еш нәрсе оңайлықпен келмейді дейсіз ғой, рас. Сондықтан, қазір өзімді-өзім жеңіп, таңертең ерте оянудан бастап, кеш батқанға дейін бос отырмауға қажырлы еңбек етіп жатырмын. Ең бастысы, үйдің маңызды шаруаларымен жүріп қап, өзіңнің рухани және мәдени жағынан баю үрдісін үзіп тастамау. Бұл жалғанда кім екеніңді, не үшін өмір сүріп жатқаныңды және діттеген мақсатың қандай екендігін ұмытпаған абзал, әйтпесе адасып кетуіне де бір қадам\шақ. Мораль ретінде жазып жатқан жоқпын, жай ғана ескерту\еске салуым. "Бәріне үлгеремін, бәрін де қатырамын, тек бүгін емес, ертең" деп өзінің мақсаттарын, армандарын кейінге қалдырып жүрген адамдар тым кеш қалуы да мүмкін. Жаман ойларды өз еншісінде қалдырайық та, позитивті ойларға көшейік.

Бұрын өзін-өзі дамыту тақырыбы мені аса қызықтырмаушы еді: жалпы оның не екендігінен хабарым бар, жаңа істерге бой үйретіп, өзімді сынап жүрген де жайым бар, алайда бар білімнен өзге ақпарат көзін іздемеймін, мәлімет жинастыруға талпынбаймын. Кітап оқығанда ылғи көркем әдебиет стиліндегі кітаптарды, түрлі романдарды оқушы едім. Қазір ойларым бірталай өзгеріске ұшырады, оған себін тигізген заманауи өзін-өзі тану және дамыту тақырыбы аясында жазылған шығармалар. Романдарға деген ерекше сүйіспеншілігімді еш нәрсе өзгерте алмайды, алайда аталған екінші типтегі кітаптар да менің дүниетанымымда ерекше әсер қалдырды. Әр адамның жетістікке жетудегі өзіндік дара жолы бар, ал менікі қандай болмақ? Мен табысты болу үшін не істей аламын? Болашақта немен айналысқым келеді, менің сүйікті ісім қалай мені олжалы ете алады? Осындай секілді сұрақтарға жауап іздей бастадым, бірақ әзірге ешқандай тоқтамға келмедім, тарс етіп жауабын айтып, сонымен ісін жауып тастайтындай анау-мынау мәселе емес. Тынымсыз ізденіс керек. О Алла, маған дұрыс бағдарды көрсетіп, мені тура жолға сала гөр.

Ойлар дамылсыз келіп жатыр, кетіп жатыр. Уақыттың зуылдаған ағымында не істеп үлгереміз, қандай істерді орындауға кеш қаламыз, кім біледі? Риясыз көңілім бәрінің жақсы, тіптен керемет болатындығына ғана сенгісі келеді. Иә, барлығы ғажайып керемет болады. Мен бақытты жанмын. Көңіл жазы суымасын, сенім оты өшпесін, жүрек алабы кішіреймесін, рухым менің түспесін!


P.S. Осы мәтінді бастап жазғанда оны қалай бітіретіндігім туралы ой да болмап еді. Қазір ұққаным бәрі де бір мақсатпен, бір идея бағынышында жасалады. Бұл сөздер көңіліме ұялаған күдікті ойларды сейілтуде үлкен рөл ойнады, қаламымнан туған туындыға көңілім толық толмаса да, разымын, ішімдегі аласапыран болып жатқан ойлардан босап, жеңілдеп қалдым.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

мысли о феминизме

некоторые люди видят в феминизме только ненависть и злобу обиженных женщин. вспоминают сразу же радикальных феминисток, выходящих на улицы с плакатами и лозунгами, демонстративно не бреющими ноги и подмышки, отрицающими священность брака и продолжения рода. на деле феминизм гораздо больше этого. да, некоторые женщины, особенно на западе, могут произвести иное впечатление своими экстремальными поступками и громкими словами. но феминизм - это то, что нужно понять и внедрить во всем мире, чтобы сделать шаг вперед. феминизм про равенство полов, про то, что гендер не определяет, какими возможностями и правами может обладать человек. нам повезло родиться тогда, когда обучение в школе и вузах доступно не только мальчикам, но и девочкам. но не стоит забывать, что есть такие страны, где девочки со вступлением в пору зрелости выходят поневоле замуж и проводят всю жизнь в границах одного дома. они ничего не говорят, потому что им нечего сказать. возможно, они до замужества ходили в школу, но сейч...

я так счастлива

я безумно счастлива, вы даже не представляете насколько. сижу и попиваю любимый капучино в очень милой кофейне, ставшим мне таким родным за последнее время. ноги порой сами несут меня сюда, ничего с этим не поделаешь. рядом разговаривают две крутые девушки, не очень близкие подруги, но они крайне увлечены общим разговором. одна, как я поняла из их разговора, работает дизайнером в одной компании вместе с программистами.она говорит: "все программисты у нас - интроверты" и смеется. подозреваю, что в 80% случаев это правда. я так же желаю обсуждать свою работу с крайним энтузиазмом со своей лучшей подругой, сидя в уютном местечке и попивая горячий напиток. до чего же мне повезло в этой жизни. каждый день - праздник. сейчас я даже и не замечаю как засыпаю, потому что все происходит со скоростью света. обожаю. помню, в самом начале первого семестра меня часто мучила бессонница, потому что я не так сильно уставала. а сейчас учеба, работа и вся остальная беготня изматывает меня фи...

Как случаются чудеса...

Чудеса! До этого я и не подозревала,что чудеса проявляются в столь несущественных для людей мелочах.Возможно,каждый миг,каждая минута,дарованная нам Богом,и есть чудо....