К основному контенту

"күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ"

осы сөз мен алғаш оқығалы сәттен ойымнан кетпей қойды. маған тікелей қатысы бар деп айта алмаймын, қазіргі жағдайымды тура сипаттамайды да, бірақ көңіліме еріксіз жатталып қалды.
өмірдегі ең тұрақты нәрсе - бұл өзгеріс делінген екен. ирония десем қате болмайды-ау деймін. Нурсая екеуіміз тіпті парадокс деп те атар едік. алайда, берілген тұжырымның растығына еш шүбәм жоқ. 

не жазарымды білмедім, бірақ бастаған ісімді жарты жолда аяқсыз қалдыруға қимай өзімнің 2016 жылы(?) бір шетелдік туындыға жазған шағын рецензиямды жариялауға бел будым.

  \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\
   
                                   Элджернонға  арналған гүлдер

   Дэниел Киз атты американдық жазушы-филологтың 1966 жылы «Элджернонға арналған гүлдер» атты романы жарық көрді. Бұл роман алғашында әңгіме түрінде шығарылған болатын және екі дүркін «Хьюго» премиясының иегері атанған. Кітаптың қысқаша мазмұнына келер болсақ, Чарли Гордон есімді 32 жастағы ақыл есі кем жігіт наубайханада еден жуушы қызметін атқарады. Ол өз еркімен ой өрісін арттыру мақсатында ғылыми тәжірибеге қатысады. Чарлидің тек бір ғана тілегені бар: таза, әрі сауатты жазып және оқып үйрену.
  Романның ерекшеліктеріне келіп тоқталсақ, әңгіме бас кейіпкердің есептемелері  түрінде  көрермен назарына ұсынылған. Алғашқы беттерде орфографиялық, грамматикалық қателер кездесіп ақыл есі кем адамның ойлары анық жеткізіледі, кейін бірте бірте сөйлемдер құрылымы қиындай түседі, Чарлидің ақылының толықсып жатқандығы толық көрініс табады. Есептемелерді оқи отырып, негізгі кейіпкердің ішкі сезімін, күйзелісін, армандарын бәрін де сезінесің. Өмірде Чарли Гордон секілді қоғамнан тыс шетте өмір сүріп жатқандар мен әлемде өз орнын табумен әлек адамдар қанша десеңізші?! Ал олардың жан дүниесіне үңілер адам саны өте аз. Неге? Адамдар неге соншалықты қатігез? Роман желісінде Чарлиді ақыл есінің кем болғандығы үшін барлығы бірдей оны мазақ қылады, туған анасы оны өз ұлы, ал әпкесі ағасы ретінде мойындаудан бас тартады. Өмірде де сол секілді жағдайлар тым  жиі кездеседі. Соншалықты пайдакүнем, адамгершілік қасиеттен жұрдай болу бізге ерекше сән бере ме, әлде біреу алдында мәртебемізді арттыра ма? Әрине, жоқ. Автордың ақыл есінде ақауы бар жігіт туралы осы себепке байланысты жазды деп ойлаймын.
  Кітаптағы тағы бір маңызды аспект адамның ой өрісі кең болған  сайын мінез құлқының өзгеруі. Бас кейіпкер миына ота жасатпас бұрын ақкөңіл, аңқау, сенгіш болса, отадан соң өзгере бастайды. Ол күдіктенеді, күйзеледі, бұрын соңды сезінбегенді бастан кешеді және оның ішінде қызғаныш, пайдакүнемдік, өзіне өзін сену оянады. Ақылды болған сайын адамгершілігі төмендей береді. Ең өкініштісі де сол. Солайша ғашығынан айырылып, сүйген жансыз жападан  жалғыз қалады. Қанша жерден ақылды бол, мейлі, бірақ бойында титтей болмасын мейірімділік болмаса өзіңді қалайша өнеге тұтар жанмын деп атайсың? Айтсаң да ол жалған нәрсе боп қалады.
  Жеке өзіме кітап аса ұнады. Неге десеңіз, романнан шынайы өмірге алар нәрсе мол және әр кейіпкердің қателігі тәжірибе жинауда маған көп көмегін  тигізді. Соңғы сәттерде көзіме жас алып біздің еліміздегі  дәл сол Чарли секілді  дәрменсіз күйде жүрген, жүректеріндегі үміт оты өшкен адамдар жайлы ойладым. Бұл әдеби туынды жүрегімде өшпес мәңгі із қалдырды, оған еш күмәнім жоқ.
  Қорытындылай келе, өмірге адам болып келіп, адал болып кетейік дегендей адамгершілігімізді жоғалтпайық! Көптеп кітап оқып, ой өрісімізді  кеңейтейік! Ақыл есі кем болып туылған жандарға демеу көрсетейік!

\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\

бұл рецензияны маған қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім бір республикалық газетке жіберу мақсатында жаздырған болатын. ақырында газетті іздеп тауып, өз шығармамды оқысам, ол бастапқы күйінен өте өзгеріп, мен танымастай етіп жарияланған. мына жағдайға не күлерімді, не жыларымды білмедім. әрине, редакторлардың өңдеулер енгізуі дұрыс, бірақ олардың жұмысынан кейін жарияланған мақаланы өзімдікі деп айтуға дәтің бармайды екен. 

мен қалам мен ой еркіндігін қолдаймын! 
я за свободу слова и печати!
P.S. получился пост ни о чём и обо всем одновременно. peace and love!





Комментарии

  1. да, оформление записей оставляет желать лучшего. утешаю себя тем, что главное не внешняя оболочка, а то, что скрывается под ней. я за качественное и полезное содержание!(ни на что не намекаю)

    ОтветитьУдалить
  2. Намек принят) (күлдім) прост оформлениемен киналып кетіп сенікіндей жасай салайыншы дедім. (қой, өзгертейік. таяқ жемей тұрғанда).
    По моему вышел вполне хороший пост, который приведет к раздумью. Пополним совесть хоть на капельку)

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Тебя я точно не имела ввиду, а именно оформление этой записи(кривой шрифт и все такое))) что за misunderstanding 😂

      Удалить

Отправить комментарий

Популярные сообщения из этого блога

Ошибка судьбы

Все мы совершаем ошибки в конце концов. Но ,что в этом такого необычного? Разве существует идеальный человек, ни разу не поддавшийся искушению судьбы? Мы получаем жизне...

девочки KENNZ

KENNZ - это Куралай, Элеонора, Нурсая, Нурайна и Жадыра. креатив мы оставили далеко позади, еще когда учились в НИШ, поэтому не будем говорить о банальности этого названия. давайте сразу перейдем к делу - описанию моих прекрасных нимф. Нурсая - моя самая лучшая подруга со школьной скамьи. совсем скоро нашей дружбе исполнится 7 лет, маленький юбилей. очень надеюсь, что мы сможем отпраздновать чудесную дату - 7 сентября - вместе в Алмате. она - лучик света, пробивающийся сквозь стены отчаяния и разочарования с достойной восхищения упорством. от нее я выучила фразу: "если твою проблему можно решить, то не стоит переживать о ней. а если она неразрешима, то беспокоиться об этом не имеет смысла". фраза, может и знаменитая, но у меня она ассоциируется с Хочи.  о ее доброте я могу разглагольствовать долгими часами, но все равно не сумею передать всю глубину этих чувств. отрадно жить и знать, что у тебя есть такая подруга, которая искренне сопереживает тебе и хочет помочь. рядом с тоб...

amazing day

today is pretty wonderful day to be alive as well as every day we live. i'm so grateful for this life. feeling grateful for every little thing or situation that happened 'till the present moment. never mind that my English vocabulary is poor. no excuses, i just wanted to type something in English. i strongly believe that next year i'll become another beautiful person. it would be true me, but better me, got it? i need some inner changes and i know which one. so from the start of the year i'm working hard to deal with my insecurities and weaknesses. i can handle it. the most important thing in my list of goals is reaching mindfulness. being mindful. always. even when i'm really angry or strongly disappointed by someone. keeping mindfulness and saying my inner self  'hey, girl, take a deep breath and keep calm, it is not worthy of you crying or shouting loud. you stand higher, don't you remember. so, please, forget it and think about beauty around us....