К основному контенту

махаббат, қызық мол жылдар

жоғарыда аталған шығарманы алғаш рет толығымен оқып шықтым. шынымды айтар болсам, осы кітапты оқығаннан кейін қазақша мәтін жазуға аса ынтығып тұрған жоқпын, себебі әр жазған сөйлемім балабақша баласының аузынан шыққан сөзге көбірек ұқсайды. бірақ, жазбайын десем тағы болмайды, себебі бұл туынды менің жүрегімнен ерекше орынды иеленді, көңілімді тебірентті, көзіме жас алғызды. Меңтай мен Ербол адамгершілік жайындағы ойымды түбегейлі өзгертті. өздерінің пәк, адал махаббаттарымен, шынайы көңілдерімен менің жүрегімді жаулап, есіл-дертімді аудартып алды. адам баласының бойында қандай асыл қасиеттер болу керектігін бүгін тағы бір есіме түсіріп, жазушының соны оқырманға әдемі әрі орынды жеткізу шеберлігіне тәнті болдым. ондай бағалы қасиеттердің қатарына шыншылдық, ақпейілділік, ұстамдылық, үлкенге құрмет, ылғи жақсыны көруге тырысу, өзгелерді сынамау, адалдық жатады. шіркін, бір күні мен де осындай жақсы мінездерге ие болып, мақтанышпен жерді басып жүретін боламын! қазір өзімді мақтан етпейтін дегенім емес, мен әр минутты аса бағалаймын және өзімді дамыту үшін барымша күш салып жүрмін. тек алдағы уақытта өзімнің қазіргі еңбегімнің жемісін көріп, масаттанып жүретін боламын деп айтқым келді.

махаббат расында да теңдесі жоқ керемет сезім. олсыз өмір сүруге болады десе де бұл мүмкін емес. әр адамға ылғи жанынан табылатын, көз жасын сүртетін, бірге іш ауырғанша күлетін, идеяларын мұқият тыңдайтын, бірге болашаққа жоспарлар құратын адам ауадай қажет. өмірің сонда айқын жарқын түстерге боялып, әп сәтте жайнап шыға келеді. аулада күз мықтап тұрып өз позицияларына орналасып жатса, менің көңіліме көктем жайнап келіп қоныстануда. көктемнің жұпар иісі, қоңыр самал желі, ыстық құщақтары басымды әбден айналдырып, жүрегімнің төрінен өз орнын алды. осы көктем бітпесін, жалғаса берсін деп қана тілеймін. маған біткен қос қанат тек көкке самғай берсін, құшырлана бауырыма қысқым келетін жандар осы жолда менің жанымнан табыла берсін деймін. махаббат, қызыққа толы жылдарымыз мол болсын деп тілеймін.

Комментарии

  1. Құдай-ау, қайда сол жылдар,
    Махаббат, қызық мол жылдар?!
    Ақырын-ақырын шегініп,
    Алыстап кетті-ау құрғырлар.

    ОтветитьУдалить

Отправить комментарий

Популярные сообщения из этого блога

мысли о феминизме

некоторые люди видят в феминизме только ненависть и злобу обиженных женщин. вспоминают сразу же радикальных феминисток, выходящих на улицы с плакатами и лозунгами, демонстративно не бреющими ноги и подмышки, отрицающими священность брака и продолжения рода. на деле феминизм гораздо больше этого. да, некоторые женщины, особенно на западе, могут произвести иное впечатление своими экстремальными поступками и громкими словами. но феминизм - это то, что нужно понять и внедрить во всем мире, чтобы сделать шаг вперед. феминизм про равенство полов, про то, что гендер не определяет, какими возможностями и правами может обладать человек. нам повезло родиться тогда, когда обучение в школе и вузах доступно не только мальчикам, но и девочкам. но не стоит забывать, что есть такие страны, где девочки со вступлением в пору зрелости выходят поневоле замуж и проводят всю жизнь в границах одного дома. они ничего не говорят, потому что им нечего сказать. возможно, они до замужества ходили в школу, но сейч...

я так счастлива

я безумно счастлива, вы даже не представляете насколько. сижу и попиваю любимый капучино в очень милой кофейне, ставшим мне таким родным за последнее время. ноги порой сами несут меня сюда, ничего с этим не поделаешь. рядом разговаривают две крутые девушки, не очень близкие подруги, но они крайне увлечены общим разговором. одна, как я поняла из их разговора, работает дизайнером в одной компании вместе с программистами.она говорит: "все программисты у нас - интроверты" и смеется. подозреваю, что в 80% случаев это правда. я так же желаю обсуждать свою работу с крайним энтузиазмом со своей лучшей подругой, сидя в уютном местечке и попивая горячий напиток. до чего же мне повезло в этой жизни. каждый день - праздник. сейчас я даже и не замечаю как засыпаю, потому что все происходит со скоростью света. обожаю. помню, в самом начале первого семестра меня часто мучила бессонница, потому что я не так сильно уставала. а сейчас учеба, работа и вся остальная беготня изматывает меня фи...

Как случаются чудеса...

Чудеса! До этого я и не подозревала,что чудеса проявляются в столь несущественных для людей мелочах.Возможно,каждый миг,каждая минута,дарованная нам Богом,и есть чудо....