бүгін мен үшін өте маңызды күндердің бірі, өйткені вебка мен андроидтан өз жұмысымды жасап бітіріп, қорғауым керек. сенбі күні демалу деген арманыма мына универде ешқашан жетпейтін сиақтымын, әр семестр сайын дәл осы аптаның күні өзгелер демалып жатырғанда куиз тапсырып, жобамызды қорғап, сол жұмыстармен әуре болып жүреміз.
мен өзіме сәттілік қана тілегім келді. менің қолымнан бәрі де келеді. тек өзіне деген сеніміңді жоғалтпа. бәрі тамаша! бүгінгі күн де солай өтеді. әрдайым қиын іске кіріспес бұрын өзімді осылай жақсыға дайындап, жылы сөздермен алдап-сулап, көңіл-күйімді көтеріп аламын. күнделікке де жаңа аффирмациялар жазып едім, мұнда да сол ойларым жалғасын тауып жатыр.
еш нәрседен қорықпа, жаным. мына қиын боп көрініп тұрған күн де жақын арада жай ғана естелік болып артта қалады. кішкентай ғана қиындықтар мен туындаған мәселелер үшін басыңды ауыртып, рухыңды түсіріп керек емес, жарай ма? тағы да қайталаймын: жолың бүгін оңынан туып, бәрін керемет тапсырып шығасың. сен - менің мақтанышымсың!

Жаконмен ❤ |
Комментарии
Отправить комментарий