Туылғанымша асыққан
Қиындыққа шыдап баққан
Анашым саған мың алғыс
Жылағанымда жұбатқан
Көңілім күңіренгенде
Түнеріп кеткен кездерде
Жанымнан табылғаныңа
Қуанамын мен қазір де
Біздерді мына өсіріп
Оқуыңды ысырып
Өміріңді сарп еттің
Жөргектерді ауыстырып
Бірақ, анашым қамықпа
Саған демеу боламыз
Бəріне бірдей асықпа
Əлі-ақ бəрін құрамыз
Əкем екеуіңнен үлгі алып
Құрамыз жарқын болашақ
Отанға адал қызмет қылып
Отбасылы болсақ - жақсы-ақ!
Əкеміз сөзсіз батырымыз
Біздің алып қорғанымыз
Бала үшін жанын беретін
Бəйтерек, асқар тауымыз
Ауыртпалықтарды көтеріп
Өз иығына салады
Мына біздерді мəпелеп
Жандарым деп қояды
Шаршамаймыз біздер де
Əке мойныңа асылуға
Ойын сүйетін əкем де
Асығады бізді қытықтауға
Не десе де өзге жұрт
Əкенің орны бөлек қой
Қарама артқа,алға тарт
Деп нұсқау ол береді ғой
Үйренсем əкемнен төзімге
Анамнан көрдім мейірім
Ал,екеуі бірге көмекке
Жетеледі мені əрдайым
Артымдағы іні-сіңлілерім
Олардан үлгі алуда
Менің де қолымнан келерім
Ұрпағымызды еңбекке баулуда
Отбасы деген болса тал
Əке-тамыр,ана-сабағы
Бала-жапырақ,қыз-бұл гүл
Ал,жеміс-еңбек ақысы
Комментарии
Отправить комментарий