К основному контенту

жақсы сөз жарым ырыс

бұрын, шыны керек, осы сөздің мағынасын түсінбеуші едім. жарым деген сөздің өзі қызық әсер қалдыратын. балалық жайлап артта қалып жатыр, ақылымыз бен өмірлік тәжірибеміз күннен-күнге толысуда. сөйтіп жүріп мына керемет сөздің де мәнін ұққандаймын.

жақсы сөз айту қиын деп айтуға келмейді де, бірақ оп-оңай іс те емес. мысалы, әке-анамызға себепсіз жай ғана "мен сені қатты жақсы көремін!" деп айту көпшілік үшін қиынға соғады. не үшін қысылып-ұялатыныңды өзің де түсіндіре алмайсың, бірақ аузыңнан сол сөздер шықпай-ақ қояды. қызық, иә? бәрінде бірдей осындай жағдай болады деп айта алмаймын, алайда өзімнің тәжірибемнен білемін және өзгелерден естігенім де көп. 

бірнеше ай бұрын - Магия утра атты кітапты оқып бітіргеннен кейін - мен өз өміріме позитивті өзгерістер енгізуді мақсат тұтып, аффирмациялар айтып бастадым. өзімді айна алдында тұрып сынаудың орнына мақтауға, өзіме тамсана махаббатпен қарауға жұмыс жасадым. басында қиындықтар болды, бірақ уақыт өте өзіме жақсы сөздерді айту, өзімді мадақтау - мен үшін қалыпты іске айналды, өзімнің сөзіме өзім сеніп бастадым. бір жақсы өзгеріс өзінің соңынан екіншісін тудыртып жатады ғой, осы жолы да солай болды. 

ата-анама, достарыма "қайырлы таң! күнің сәтті өтсін! мен сені жақсы көремін" деп жиі айта, жаза бастадым. ұйықтар алдында да қайырлы түн тілеуді күнделікті іске айналдырдым. мамам басында сені жақсы көремін деген сөзді естігенде біртүрлі болып қабылдады, себебі ондай жылы сөзді сирек және онда да бізге бір нәрсе сатып алып бергеннен кейін естуші еді. қазір мама маған өзі алғаш болып керемет хабарламалар жолдайды, жақсы күн мен сәттілік тілейді. сондай сәттерде "қап, мен бірінші жазуым керек еді ғой! неге ұмытып кеттім?" деп сан соғып қаламын. ең бірінші рет сондай хабарламаны оқығанда езуімді күлкі билеп алды, өте қуандым. менің қазір жасап жатқаным бекер емес, дұрыс бағытта келе жатырмын деген тоқтамға келдім.

жақсы сөздерді жиі айтатын адамның жолы болғыш келеді десем не дейсіздер? келісер ме едіңіздер? рас айтамын, адам жақсыға сеніп қана қоймай, позитивті сөздерді көп айтатын болса, өмірінде оң өзгерістер орын ала бастайды. өз мысалымда айтар болсам да, армандарым бірінен соң бірі орындалып жатыр. Алла қаласа, Португалияға келесі семестрда аттанамын, бес-алты ай уақытымды алшақта өткіземін, ұмытылмас сәттерді бастан кешемін. бұл - менің мектеп кезінен бастап-ақ асқақ армандарымның бірі еді. мектеп қабырғаларында арман болды, университетте - нақты дәл мақсатқа айналды. мақсатыма қол жеткіздім, соған шексіз қуаныштымын. емтихан алдында да өзімді моральді дайындап,"бәрі күшті болады! сен бәрің керемет жазып шығасың! еңбегіңнің жемісін көресің әлі! өзіне сен! сен мықтысың!" деп кіремін де, әдетте расында да жақсы нәтижелерге ие боламын. бұл қатып қалған заңдылық емес екенін білемін, бірақ өзіңді қиын сынақ алдында қинап, алдын ала жамандыққа дайындалып, "менің қолымнан келмейді" деп бастағаннан гөрі жақсы сөзбен бастаған дұрыс. 

бәлкім, менің мақалды пайымдап-түсінуіммен көпшілік келіспейтін болар. оның да жөні бар. мен ешкімге өзімнің ойымды зорлап міндеттемеймін, тек айтқым келгені: жақындарыңызға жылы сөздер айтуды, ыстық көңілдеріңді білдіруді әдетке айналдырып көріңіздерші. олардың жүздері бал-бұл жанып, көңілдері елжіреп кетеді, сіздер де қуанып, өздеріне разы болып қаласыздар. көркем сөздермен жамандықты емес, жақсылықты ғана шақырып жүрейік! 

әдемі

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

мысли о феминизме

некоторые люди видят в феминизме только ненависть и злобу обиженных женщин. вспоминают сразу же радикальных феминисток, выходящих на улицы с плакатами и лозунгами, демонстративно не бреющими ноги и подмышки, отрицающими священность брака и продолжения рода. на деле феминизм гораздо больше этого. да, некоторые женщины, особенно на западе, могут произвести иное впечатление своими экстремальными поступками и громкими словами. но феминизм - это то, что нужно понять и внедрить во всем мире, чтобы сделать шаг вперед. феминизм про равенство полов, про то, что гендер не определяет, какими возможностями и правами может обладать человек. нам повезло родиться тогда, когда обучение в школе и вузах доступно не только мальчикам, но и девочкам. но не стоит забывать, что есть такие страны, где девочки со вступлением в пору зрелости выходят поневоле замуж и проводят всю жизнь в границах одного дома. они ничего не говорят, потому что им нечего сказать. возможно, они до замужества ходили в школу, но сейч...

порой мне бывает очень грустно

причины могут быть абсолютно разные. это и тоска по дому, и ссора с парнем, и приближающиеся дедлайны, и страх перед лицом неизвестного. вот в такие моменты я буквально теряю способность говорить, комок встает в горле. но в последнее время я замечаю за собой, что теперь я стараюсь не подавать виду окружающим и разговаривать с ними как обычно. это стоит мне невероятных усилий, правда. в университете, даже если я расстроена, когда вижу знакомое лицо, то автоматически преображаюсь. с улыбкой, немного натянутой (надеюсь, не очень заметно со стороны), поддерживаю разговор и, попрощавшись, вновь принимаю равнодушный вид. значит ли это, что я притворяюсь? может быть. я бы объяснила свое поведение тем, что не хочу расстраивать окружающих, близких мне людей в то время, как у меня самой нет настроения из-за кого-то или чего-то другого. никто не заслуживает плохого отношения (никто из близких мне людей). когда я грущу, то добиваю себя сама же. включаю печальную песню, надеваю наушники и начи...

о моем пристрастии к сыркам

я обожала сырки и сейчас - так же искренне обожаю. будучи маленькой и жадной, я покупала в магазине один сырок с сгущенным варенным молоком и съедала его в подъезде. представляете маленькую девочку в пуховике, стоящую в вонючем и темном подъезде и, воровато оглядываясь вокруг, пожирающую сырок? вот такой я была хитрой и опасной. маме я об этой покупке не говорила, но добросовестно отдавала всю оставшуюся сдачу, а не как Бекарыс "забывала" о ней. почему я об этом вспомнила? только недавно я побывала в Магнуме и, вы не поверите, не купила свой любимый сырок от Простоквашино. другие сырки - полный отстой, только Простоквашино - самый вкусный и напоминающий о детстве. покупать не захотела я сама, так как стараюсь сократить количество сладкого в своем рационе. раньше, когда я о таком и не помышляла, я всегда выходила из Смол с сырком в руках и часто ела его по пути в общежитие. времена меняются, одно остается неизменным: моя безграничная любовь к этим сыркам. но нам, оказалос...